Қамқоршылық кеңес құрамын жаңа құрамы құрылатындығы туралы хабарландыру » «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернаты»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
№3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-31-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-56-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес құрамын жаңа құрамы құрылатындығы туралы хабарландыру
10
октябрь
2022

Қамқоршылық кеңес құрамын жаңа құрамы құрылатындығы туралы хабарландыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының № 3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы құрылатындығын және  және оның құрамы бойынша  ұсыныстардың қабылданатындығын хабарлайды. 

Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
       1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
       2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
       3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
       4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
       5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса). 

Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақша-ларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды. 

Ұсыныстарды Тараз қаласы, Төле би  көшесі, 35 үй мекен-жайға, элек.пошта: muhtarkerimbekov@yandex.kz немесе Тараз қаласы, Қарахан көшесі, 16А тел./факс:8(7262) 43-31-92, элек.пошта: meirim96@mail.ru ресми рәсімделген түрде қажетті құжаттарды тіркей отырып жолдау қажет.


Ұсыныстарды  қабылдау мерзімі 2022 жылдың 21 қазанына дейін. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив