15
август
2019
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру жәнеоларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты1. Жалпы ережелер 1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультация беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік қызметті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) алдын ала жазылу журналына тіркелу - 15 минуттан аспайды; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған және алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру сәттен бастап, психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеруді күту - күнтізбелік 30 күн; 3) алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді өткізу - 1 (бір) сағат; 4) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыруүшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген мемлекеттік жазбаша қорытынды болып табылады. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы). 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында және Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген белгіленген жұмыс кестесі бойынша. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады. Телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған. 9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы); 2) бар болса - мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі; 3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін). Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады: 1) денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы No 907 бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 6697 бұйрығыменболып тіркелген) No 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, No 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысаны; 2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;