«Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс кезінде қолданылатын әдіс - тәсілдер»
17 тамыз 2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс кезінде қолданылатын әдіс тәсілдер» тақырыбында өткізілген республикалық онлайн-семинарға «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған Облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп интернатының бастауыш сынып сурдопедагогы Кипшакбаева Ләззат Кенесхановна және балабақша дефектологы Дандибаева Гүлнар Жанатқызы қатысып өз тәжірибелерінде қолданылатын іс тәжірибесімен бөлісті.
Сөз алған сурдопедагог Кипшакбаева Ләззат «Естімейтін балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында әдіс тәсілдермен бөлісті.
Мақсаты: Есту қабілетін дамыту сабағында тілдік дидактикалық материалдар, инновациялық технологияларды және методикалық әдіс тәсілдерді қолдануды көрсету.
Атқарылған жұмыстар: Есту қабілетінің бұзылуы баланың сөйлеу тілінің дамуына және есте сақтау, ойлау қабілеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Баланың есту қабілетін тұтастай немесе жартылай жоғалтуы- физикалық ақаулық, оның салдарынан баланың интеллектісі төмендейді және ақыл-ойының дамуы тежеледі. Өзінің және өзін қоршаған ортаның дауыстарын қабылдау мүмкіндігін азайтады, сол себепті сөйлеу тілі өте кеш қалыптасады. Есту қабілеті бұзылған балалардың оқыту барысында олардың ойлау қабілетін дамытудың жеке ерекшеліктерін ескерген жөн, себебі, сөйлеу тілін меңгергенге дейін тіпті, сөйлеген кезде де олар біраз уақытқа дейін ойлаудың көрнекті- бейнелік деңгейінде қалады. Тілдік дидактикалық материалдар заттың және сюжеттік суреттерден, сөздер мен сөйлемдер үлгісінен және мәтіндер жазылған карточкалардан, жапсырмақұрақ материалдарынан, диалогты қойылымдардан құрылатыны есту қабілетін дамыту сабағында дидактикалық материалдарды тиімді қолдана білсе, сабақтың қызықты, тартымды өтуіне, уақыттың тиімділігіне көмектесетіндігі айтылып, сабақ барысынан видеоүзік көрсетілді.
Мектептерде ерекше білімді қажет ететін балаларға кедергісіз аймақ құруғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылытын оқу тәрбие процесін ескеру қажеттілгі айтылып, инклюзивті оқытуының негізгі принциптарына тоқталды. Инклюзивті бағыт ерекше білімді қажет ететін балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады дей отырып, жұмысының нәтижесінде нейросенсорлы мүкістіктің 4 деңгейіндегі оқушы Альмахан Еділдің жалпы білім беретін орта мектепке ауысқаны және ондай балалардың бірнеше екені айтылды.
Келесі сөз алған балабақша дефектологы Дандибаева Гүлнар «Естімейтін балалардың
танымдық қабілетерін дамыту» тақырыбында баяндама оқыды.
Мақсаты : балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту, ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.
Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктерін анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады.
Танымдық процестерінде және ойлау қабілетінің дамуында көптеген спецификалық ерекшеліктер байқалады. Сондықтан арнайы әдіс тәсілдерді және техникалық құралдарды пайдалана отырып, мұндай олқылықтардың орнын толықтыруға болады.
Есту қабілеті бұзылған балалардың оқыту барысында олардың ойлау қабілетін дамытудың жеке ерекшеліктерін ескерген жөн, себебі, сөйлеу тілін меңгергенге дейін тіпті, сөйлеген кезде де олар біраз уақытқа дейін ойлаудың көрнекті- бейнелік деңгейінде қалады.
Ойлау қабілетін дамытудағы ең негізгі кезеңнің бірі- баланың сөйлеуімен байланысты. Ойлау – топтастыруды және шындық айнасына қол жеткізуді, үнемі ізденісті және жаңалық ашуды қорытуға жеткізетін ең күрделі психикалық,
Ойлау қабілетін дамытуға бағытталған оқу-іс әрекет жұмысы баланың сөйлеу танымдық процесс.тілінің дамуына, әсіресе, сөздерді есте сақтауға, тілдің негізгі функцияларының қалыптасуына жақсы әсерін тигізеді. Сабақ барысында сөздегі белгіленген және түсіну заңдылықтарын баланың сөйлеу тілінің белсенділігін байқап отыруға тырысады. Сабақта логикалық тапсырмаларды орындау, есту қабілеті бұзылған балалардың ілгері дамуына көмектеседі, кішкентай оқушыларды қарым –қатынастың түсінікті тәсілдерін меңгеруге дайындайды.
Өміртанымның алғашқы қадамы-ойын. Ойын даму процессінің негізгі бөлімі, қарым- қатынас құралы: ойлау қабілеті, есту қабілеті мен сөйлеу қабілеті дамиды, көзқарастары мен мінез құлық нормалары, дүниетанымы мен қарым-қатынас тәжірибесі қалыптасады.
Ойындар күн сайын балалармен өткізілетін сабақтарда дидактикалық түрде қолдануға болады және күн сайын мұғалім есте сақтау, ойлау, өзін-өзі бақылау, есту қабілетін дамытуда т.б.дамыту мақсат тында арнайы балалармен жүргізуді жоспарлай алады. Дидактикалық ойындар сабақ материалдарын тереңдетуге және алған білімді бекітуге ықпал жасайды. Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Баланың сабақта тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып белсенділігін арттырады және қабілеттерінжеттілдіруге,бағытталған. Есту қабілетін дамыту және дыбыстану сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойын және фонетикалық ырғақ, (олда бала үшін ойын). Фонетикалық ырғақты жаттығуларында дауыс күшін дамытып, демді дұрыс алуға үйретіп, қойылған дыбысты буында, сөзде дұрыс айтуға машықтандырады. Ойнау арқылы жүзеге асырылады. Естімейтін балаларға арналған «Мейірім» балабақша тәрбиеленушілерінің әр түрлі оқу іс әрекеттердегі слайд арқылы фотосуреттер көрсетілді. Оқу іс әрекетте қолданылатын дидактикалық көрнекіліктер көрсетіліп, жаңа инновациялық әдіс тәсілдердің қолдануы жайлы айтылып, нәтижесі естімейтін балалардың ойын кезінде өзара ауыз екі сөйлеу тілі қалыптасып, байланыстырып сөйлеу тілі дамиды. Сонымен ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негізі болып саналады деп тұжырымдалды.




