Бос жұмыс орындары » «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернаты»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
№3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-31-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-56-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2025

Бос жұмыс орындары

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады. Қағиданың 91-тармағына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұрақты ТӘРБИЕШІ лауазымына конкурс жарияланады, 2,0 жүктеме ашық, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдауы қағаз түрінде өтеді. 

Айлық жалақысы - 133789

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау: 02.09- 10.09.2025 жыл.

Өткізу күні: 11.09.2025 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (2025 жылғы 31 наурыздағы №57 -бұйрықтың 3-тарау, 113 - тармағына сәйкес):

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (3-қосымшаға сәйкес);

2. Жеке басын куәландыратын құжат, не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса)

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      "Арнайы педагогика" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім немесе қайта даярлауды растайтын құжат немесе жұмыс өтіліне талап қоймастан, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжат;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін - кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін - кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін - кемінде 4 жыл;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) осы Қағидаларға 1213-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

      114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

      115. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      116. Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

117. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Мекен жайымыз: Тараз қаласы, Қарахан көшесі, 16 а

Іс – жүргізуші: Айгул 

тел: 8 707 443 20 86 тел./факс: 8 (726 2) 43-31-92 

элек.пошта: meirim96@mail.kz


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив