24
октябрь
2019
Тақырып "Есту қабілетті бұзылған балаларға жүргізілетін жұмыс түрлері"

24 қазан 2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл облыстық ведомствоаралық психологиялық медициналық педпгогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Инклюзия өмір талабы», тақырыбында өткізілген облыстық онлайн семинар «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп интернатының дефектологы Дандибаева Гулнар Жанатқызы қатысып, «Есту қабілеті бұзылған балаларға жүргізілетін жұмыс түрлері» бойынша баяндамасымен сөз алды. Баяндама мақсаты: естімейтін балаларға уақытылы көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру; балалардың дүниетанымын кеңейту,қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру;
ХХ ғасырдың екінші жартысында сурдопедагогикада естімейтін және нашар еститін оқушыларды бөлек оқыту жүйесі қалыптасты. Естімейтін балаларға арналған арнайы білім беру мекемелерінде оқыту үрдісі маңызды рөл атқарады. Арнайы білім беру жүйесінде естімейтін оқушыларға жалпы білім беру және еңбекке дайындау жатады. Сонымен қатар, ана тілін меңгеруді қамтамасыз ететін қалдық естуін дамыту мен дыбыс айтуын түзету жұмысы және танымдық іс-әрекетін, сөздік-логикалық ойлауын дамыту жұмыстары жүргізіледі. Оқытудың негізгі кезеңдерінде (дайындық сыныбы, І-ІІІ, IV-VII, VIII-X сыныптар) оқушылардың білім деңгейлерін келесі параметрлерге сүйеніп жүргізеді: пәннің бағдарламалық мазмұнын білуі; білімдерін сөйлеп жеткізе білу деңгейі; жаңа білімді меңгере білу қабілеті; алған білімдерін практикада қолдана білуі. Арнайы мектепке келіп түскен балаларды жан-жақты медициналық-психологиялық-педагогикалық тексеру нәтижесінде олардың көбінде біріншілік кемістіктің бірнеше түрі бар екені анықталады, ол өз кезегінде оқу үрдісін меңгеруді қиындатады. Осы жиі кездесетін күрделі кемістіктерді қарастырайық:
- психикалық дамуы тежелген естімейтін балалар;
- ақыл-ойы кем естімейтін балалар;
- вестибулярлы аппараты зақымдалған естімейтін балалар;
- балалық церебральды параличі бар естімейтін балалар;
- бас миында сөйлеу аймағы зақымдалған естімейтін балалар.
Естімейтін балаларды арнайы оқыту жүйесінде қолданылатын арнайы педагогикалық қағидалар бар.
Естімейтін оқушылардың психикалық дамуына жан-жақты әсер етеді. Заттық – тәжірибелік іс-әрекет балалардың сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасауын белсендендіреді, диалог жасауға ынталандырады. Аталған қағиданы тиімді қолдану ұйымдастыру формасын дұрыс қолданумен байланысты: ұжымдық, топтық, бригада боп, жұп болып, жеке және т.б.
Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасауды қарқындату естімейтін оқушылардың сөйлеуін қалыптастырудың маңызды жағдайы болып табылады.Естімейтін балалардың сөйлеу арқылы қарым қатынас жасауын қарқындату қарым-қатынас дағдыларының жетілуіне және дағдылануына әсер етеді. Оған қол жеткізу үшін әр түрлі жұмыс формаларын қолданады: айтқанды түсіну және орындау; өз беттерімен сұрақ қойып, оған жауап беру; орындаған жұмыс турады айту және т.б. сөйлеу қажеттілігін жүзеге асыру үшін естімейтін балаларға жазбаша кеспе қағаздарды қолдану көмектеседі.
Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде, адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың көру, есту, қозғалыс бірлескен қызметін қажет ететіндігін» ашық айтып отыр.
Р.М.Боскистің зерттеуі бойынша, есту қабілеті бұзылған балаларда сөз, байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының алғашқы сатысында, жеке сөздерді ғана пайдалана алатынын,сол сөзге байланысты іс-әрекетті де, бір сөзбен ғана айта алатынын дәлелдеген. Мысалы: пияз деп айтып, оны тазалау сөзімен байланыстырып көрсету арқылы айтады. Сол сияқты күрекпен қаздым дегенді айту үшін, күрек деп айтып іс-әрекетті ыммен көрсету арқылы да айта алады. Р.М.Боскиспен қатар, басқа да ғалымдардың зерттеулері бойынша да осылай ым-ишара тілін пайдалана отырып зат пен іс-әрекетті байланыстырып айтатыны дәлелденген. Мысалы: Пышақпен кесу, кесемен ішу, бала ыммен көрсету арқылы өз ойын жеткізе біледі. Есту қабілеті бұзылған балалар қалыпты адамдардың ортасында жүру арқылы да, байланыстырып сөйлеу тілі, сөз байлығы,сөздік қоры аз да болса молая түседі
Есту қызметі бұзылған балалардың көпшілігі сөйлемейді немесе өте нашар сөйлейді, сондықтан тапсырмалар вербальды емес түрде берілу қажет (ауызша түсіндіру пайдаланбайды). Орындалу жағдайы материалдың өзінде берілген немесе ишаратымен түсіндіріледі. Баланың іс-әрекеті оның жауабы ретінде беріледі. Мектеп жасындағы балаларды тексерген кезде қажет болған жағдайда сурдоаударманы пайдалануға болады:
— сапалы талдау деп берілген сынақтарды орындау нәтижесін есептеуді ғана емес, баланың барлық психикалық қызметін мұқият қарауды, оның ағымының жалпы қарқынын, сынақты орындау түрін, оқуға жарамдығын талдауды айтамыз.
Қорыта келе, Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастру үшін, коррекциялық түзету жұмыстарының әр түрлі формадағы амал-тәсідерін пайдаланып,баланы қоғамнан шеттетпей, оны сол ортаға бейімдеу, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру жолдарын жүйелі жүргізу арқылы кемшілікті жоюға мүмкіндік бар деп санаймын.