«Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында ым ишараттық тілін қолдану» » «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернаты»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
№3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-31-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-56-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында ым ишараттық тілін қолдану»
31
январь
2020

«Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында ым ишараттық тілін қолдану»

   «Қазақстан  Республикасының білім беру ұйымдарында 

ым ишараттық тілін қолдану»


Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен, 31.01.2020 жылы, Алматы қаласында «Қазақстан  Республикасының білім беру ұйымдарында ым ишараттық тілін қолдану» атты  дөңгелек үстел өткізілді.  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінен  дефектолог Дандибаева Гулнар Жанатовна, сурдопедагог Багисбекова Гульнар Зейниденовна дөңгелек үстелге қатысушылармен, яғни есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдар және мектептедің басшылары мен педагогтары, Қазақ саңыраулар қоғамы,  «Үміт» саңырау мүгедектерді қорғау орталығы, «Дыбыс» қоғамдық орталығы, «Ардани» естімейтін мүгедектер қоғамының өкілдері, есту қабілетінде бұзылыстар бар балалардың ата аналары, сонымен қоса колледждер, сурдопедагог мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, ым ишараттық тілінің аудармашылары білім беру ұйымдарында ым ишараттық тілін қолдану нұсқалары мен жүзеге асыру жағдайларын талқылап, естімейтін балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқытуда ым ишараттық тілінің рөлін негіздейтін  жобаға қатыстық. 

Дөңгелек үстелдің міндеті: 

1.Арнайы білім беру ұйымдарында ым ишараттық тіліне оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін бейімдеу бағдарламасын тауып, дайындау.

2.Ым ишараттық тілі бойынша бағдарламаларды жетілдіру, ым ишараттық тілі оқулықтарын даярлау, ұлттық ым ишараттық тілін дайындау және басқада мәселелер бойынша арнайы білім беру ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер және ғылыми орталықтардың біріккен жұмыс жасау жағдайларын анықтау.


Қазақстанда есту қабілеті бұзылған балаларға арналған 18 арнайы мектеп бар. Оларда оқыту сөздік негізінде іске асырылады. Арнайы балалар бақшасындағыдай есту сөздік дамытуға, еступротездерін жасауға, естіп қабылдауды дамытуға, сөздік тілді айтуды және дамытуды қалыптастыруға баса назар аударылады. 

Ымдау тілі нашар еститін адамдардың негізгі тілі, ол арқылы қоғамдық тарихи тәжірибе игеріледі, сақталады және келесі ұрпаққа беріледі. Ол ымдау жинағын білдіреді, олардың әрқайсысы ауыз бен ерін қимылының, түрінің және қозғалысының үйлесімімен, сондай ақ, дене тұрқы қалпының үйлесімімен қолмен жасалады. Естімейтін және нашар еститін адамдар сөйлеу мүмкіндігіне және қалауына байланысты қолданылады. 

Сөз жасайтын ымдау тілі қайталама белгілік жүйе болып табылады, онда барлық ымдар кәдімгі сөздер баламасы ретінде болады, ымдарды бірізділікпен қолдану тәртібі сөздік тілдің синтаксисімен анықталады. Өз грамматикасы жоқ, бірақ сөз мәнін жеткізу үшін алуан түрлі лексикалық құралдары бар. Сөздік сөйлемді жасайды және әдетте ауызша тілмен сүйемелденеді.

Оқытудың ымдау жүйесін құру үшін сурдопедагогтар, мұғалімдер, тәрбиешілер және ата аналардың ымдау тілімен қатынас жсай білулері және олардың ымдау тілі естімейтін балалар үшін үлгі екенін түсінулері аса маңызды. Оқу тәрбие процесінде ымдау тілін еркін қолдана білу ересектерге оқу қызметін және тәртіпті реттеуге көмектеседі. 

Қорытындылай отырып, ымдау тілін қолдану бойынша ұсыныстар айтылды:        -ымдау   тілін қолдану стратегиясын жүзеге асыру барысынды оқу тәрбиелеу процесінде сөздік және ымдау тілінің ара қатынасын оңтайлау;           -ауызша тілді меңгеруді және ерінен оқуды жетілдіру;         

                                    -тілдік материалды  ыммен нығайта отырып, қабылдауды жақсарту;                      -билингвалдық түсінікті қалыптастыруға;  








 

                            
























































Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив