"Ризашылық-мейірімділік бұлағы" Алғыс айту мерекесі » «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернаты»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
№3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-31-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-56-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ризашылық-мейірімділік бұлағы" Алғыс айту мерекесі
28
февраль
2020

"Ризашылық-мейірімділік бұлағы" Алғыс айту мерекесі

             Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтарындағы № 173 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні - 1 наурыз Алғыс айту күні деп жарияланғанды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында Алғыс күніне арналған  «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасы іске асырылды. Бұл айтулы мерекені біздің Саңырау және нашар еститін балаларға арналған «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернатымыз да өз деңгейінде атап өтті.
Алғыс айтуды қазағымыздың мақтанышы, данасы Абайдан бастадық. «Абай» атындағы кітапханаға мектебіміздің басшысы Назаралиева Азата Альхуатовнаның және орыс тілі пән мұғалімі Шербаева Рахиля Алматовнаның жетекшілігімен, «Спасибо гению, что в нашей есть судьбе...» тақырыбымен барған интернатымыздың 9 сынып оқушылары ғұламаның өмір баянымен, шығармашылығымен танысып, рухани нәр алып қайтты.
Келесі кезекте мектеп психологы Вероника Андрианованың ұйымдастыруымен ата-аналардың қатысуымен «Благодарность» тренинг-сабағы өткізілді. Мектебіміздің ата-аналары балаларымен бірігіп түрлі ойындар ойнап, қызықты сәттерді бастан өткізді.
Ұрпақтар сабақтастығы бағдарламасы аясында «Тәуелсіздікке жеткізген Елбасына мың алғыс» тақырыбында Назарбаев Зияткерлік мектебіне ұйымдастырушы ұстаз Жазира Мырзабаевамен және муз.жетекшілер Анжела Мусаелян, Камола Алибаеваның жетекшілігімен экскурция сабаққа барған оқушылар таныстықпен қатар өз өнерлерін де көрсетіп қайтты.
Туған қаламыз Таразға алғыс білдіру мақсатында «Таразым-тарихым» тақырыбында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейімен бірігіп көшпелі мұражай ұйымдастырылды. Тараз қаласының көне тарихымен, қазба жұмыстарымен таныстырылған оқушылар тәрбиелік мәні зор, рухани азық алды. 
24-27 ақпан аралығында «Алғыстың төресі Ата-анаға» демекші ата-аналарына өз қолдарымен, бар махаббаттарымен, ризашылықтарымен сыйлықтар жасады.
«Біз бәріміз біргеміз» тақырыбында Д.Қонаев кітапханасымен біріктірілген ұйымдастырушы ұстаз Жазира Мырзабаевамен, кітапханашы Гүлмира Тлеубековамен және тәрбиешілер Эльмира Бактыбаеваның жетекшілігімен тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағаты барысында балалар тақпақ оқыды жәнеде өте әсерлі шыққан «Мен қазақпын» әні тыңдармандардың жүрегінен орын алды. Кеш соңында кітапхана ұжымы балаларға «Рахмет» айтып сыйлықтар берді.
Алғыс айту күнін мектеп-интернатымыздың музыкалық залында «Құрметтің ең биігі-алғыс» тақырыбында мерекелік іс-шарамен аяқтадық. Мерекеге қатысқан ата-аналар рахметін айтып өз ризашылықтарын білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив