"Ризашылық-мейірімділік бұлағы" Алғыс айту мерекесі
Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтарындағы № 173 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні - 1 наурыз Алғыс айту күні деп жарияланғанды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында Алғыс күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасы іске асырылды. Бұл айтулы мерекені біздің Саңырау және нашар еститін балаларға арналған «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернатымыз да өз деңгейінде атап өтті.