06
март
2020
8-наурыз мерекелеріңізбен аяулы "Мейірім" мектеп-интернатының қыздары
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі "Мейірім" мектеп-интернатында да жоғарғы деңгейде аталып өтті. 5-наурыз күні оқушылар арасында "Көктем аруы" байқауы өтті. Байқауды мектебіміздің тәрбиешілері Жанар Тоқсейтова, Айнұр Нағашыбекова, Алтын Ақпанбетова, Жанна Абдраймова ұйымдастырып өткізді. Туған қаламызда мейірімді жандар өте көп, солардың бірі қолдарынан келген көмегін аямай қыздарымызға демеушілік жасап, бағалы сыйлықтармен марапаттаған Эльмира Тұрсынбаевна, Эльмира Ануарбековна, Ғалия Қажымұратовна бастаған ханымдарға алғысымыз шексіз. Ақылына көркі сай 9 Б сынып оқушысы Орынбек Сабина бас жүлдені иеленді.
Ал 6 наурызда мектеп-интернатымыздың қыздарына, ұстаздар қауымына арна ппрофсоюз басшысы Алтынай Алмабекова мерекелік іс-шара ұйымдастырып, сыйлықтар тарту етті. Мерекеге қызыл киіммен келген қыздар қауымы гүлдей жайнап, құлпырып керемет көңіл күйде қайтты