VI «Аман келешек» мәдени спорттық фестивальі
Мақсаты: Ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеуге және әлеуметтендіруге қолдау көрсету
Міндеті: Жалпы білім беру мекемелеріндегі балалармен жасөспірімдерге физикалық және инклюзивтік тәрбие берудің жаң заманауи технологияларын енгізу мәселесі бойынша әдістемелік көмек көрсету
2019 жылдың 19-қазанында Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры ұйымдастырған Балалардың VI «Аман келешек» мәдени спорттық фестивальіне мектебімізден 11-16 жас аралығында 10 бала барып қатысты.
Мектеп - интернатымыздың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамашева Жұмагүл Зейнадиловна мен ұйымдастырушы ұстаз Мырзабаева Жазира Лесбаевнамен бірге барған он бала , атап айтар болсақ Серік Диас,Боран Самбет, Шамшиева Камилла, Ескелді Асылбек, Кодирбоева Умида, Джамалова Зулейха, Чесноков Владимир,Абдраймова Аружан, Ибрагимов Исмайл,Ержани Айна Алматының «Тау күні» атты лагерьінде дем алды. Лагерь ұжымы балардың уақытын өте қызықты,пайдалы іс-шаралармен толықтырып ,дәмі тіл үйіретін ас мәзірін ұсынынды, балалар керемет көңіл күймен, ерекше сезіммен қайтты. Фестивальдің және бір ерекшелігі Қазақстанның түкпір – түкпірінен жиналған ерекше балалар танысып, достасып бірін- бірі қимай қоштасты. «Аман келешек» фестивальі ұйымдастырушыларына «Мейірім» мектеп - интернаты өз тараптарынан жоғарғы деңгейде өткізілген іс-шара үшін үлкен алғыс білдіреді.
