Ақпарат » Страница 3 » «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернаты»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
№3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-31-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-56-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
7 Сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
07
апрель
2022
7 Сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
     7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде атап өтіледі. 1948 жылы құрылғаннан бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып отыр. "Мейірім" мектеп-интернаты да бұл күні, әлемнен шет қалмай "Денсаулық күнін" атап өтті. 
XVII Республикалық "Жұлдызай" фестивальі
05
апрель
2022
XVII Республикалық "Жұлдызай" фестивальі
Ақпан айының 5 жұлдызында Тараз қаласында XVII Республикалық "Жұлдызай" байқауының облыстық іріктеу кезеңі болып өтті. Бұл 1-іріктеу кезеңіне Жамбыл облысының барлық, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мекемелер қатысып, өз талант иелерін жарысқа қосты. Осы фестивальдің ым-шарамен ән айту категориясы бойынша, "Мейірім" мектеп-интернатының намысын қорғап Абитжанова Лаззат Аманжолқызының жетекшілігімен барған,  "Самғау" тобының кішкентай бүлдіршіндері 1 орынды жеңіп алды. Біз,
Қош келдің, әз Наурыз!
17
март
2022
Қош келдің, әз Наурыз!
    "Мейірім" мектеп-интернаты Ұлыстың ұлы күні "Қош келдің, әз Наурыз!" мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтті. Мектебіміздің бастауыш сыныбының ұстазы Абитжвнова Ләззаттың ұйымдастырумен өткен мерекелік іс-шарада қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері ұлықталып, ұлттық тағамдар дәріптеліп, ән мен күйге, өлең мен биге ұласты.
"Аналар-асыл жандар" 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!
04
март
2022
"Аналар-асыл жандар" 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты
      2022 жылдың 4-наурызында "Мейірім" мектеп-интернаты 8-наурыз халықаралық әелдер мерекесіне арналған іс-шара болып өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірігіп өткізілген концерттік бағдарлама оқушыларымыз бен ұжымдастарымызға керемет, көктемгі мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Алғысым шексіз баршаға
01
март
2022
Алғысым шексіз баршаға
      2016 жылыдың 14 қаңтарында № 173 жарлыққа қол қойылып 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні "Алғыс айту күні" деп жарияланған болатын. Алғыс айту - бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Осыған орай "Мейірім" мектеп-интернатында Алғыс айту күніне арналған тәрбиелік іс-шара болып өтті және көрме қойылды.
Шахмат майталмандары
16
февраль
2022
Шахмат майталмандары
    Ақпан айының 16 жұлдызында Тараз қаласында өткен "Балалар жылына" арналған шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті және есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы жекелей Жамбыл облысының чемпионатында "Мейірім" мектеп-интернатының 7В сынып оқушысы Син Виктория I-орын және 8А сынып оқушысы Исмайлбекұлы Раймбек III-орынды иеленді.
"Мейірім"-ге 25 жыл
07
декабрь
2021
"Мейірім"-ге 25 жыл
    Осыдан 25 жыл бұрын 1996 жылдың 2 желтоқсанында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық "Мейірім" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмысын бастады. Міне содан бері 25 жыл бойына облыс көлемінде ерекше білімді қажет ететін балаларға білім берілуде. Қазіргі таңда мектеп-интернатты басқарып отырған басшы Азата Альхуатовна Назаралиева оқушылардың өз деңгейінде сапалы білім алуына барлық жағдайды
1 қыркүйек білім күні
01
сентябрь
2021
1 қыркүйек білім күні
Көптен күткен 1 қыркүйек оқу жылының басталуы құтты болсын Елімізге қайта келген Әліппе балаларымыздың білімді ұрпақ болып өсуіне үлкен үлесін қосады деп сенеміз. Еліміз аман жұртымыз тыныш болып, төбемізден күн күліп, бейбітшілік заман болсын
Сәт сапар жас түлек-2021
25
май
2021
Сәт сапар жас түлек-2021
Міне тағы бір жылды артқа тастап жас түлектерімізді қанаттарын қатайтып, өмірдің келесі бір белесіне аттандырып, мектеп қабырғасынан ұшырдық. Жолдарың ақ болсын Жас түлек-2021!
"Мейірім" мақтаныштары
13
май
2021
"Мейірім" мақтаныштары
Қарағанды қаласында болған "Жастар мен ересектер арасында жүзуден  өткен Қазақстан чемпионатында" "Мейірім" мектеп-интернатының бірқатар  оқушылары алтын медальға ие болды. Атап айтатын болсақ Васильева Эвелина екі алтын, бір қола, Васильев Виктор екі алтын, бір күміс, Вощенчук Никита бір алтын, бір күміс иеленді. Мектеп-интернатымыздың мақтаныштарын шын жүректен құттықтап, спорттың биік шыңдарын бағындыра берулеріне тілектестігімізді білдіреміз