Тіл – татулық тірегі
«Тіл – татулық тірегі» (дөңгелек үстел)
Өткізілу уақыты: 19.09.2019ж.
Өткізілу орны: Тараз қ. «Мейірім мектеп – интернаты» музыкалық зал.
Мақсаты:Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.
Түзетушілік мақсаты:Оқушылардың патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту. Өз ой – пікірін білдіре алатын азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойдары, баспасөз материалдары, слайд, кітап көрмесі.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен
басталды


Жүргізуші дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өтті. Ой-бөліс сұрақтарына мектебіміздің 10 сынып оқушылары өз ой-пікірлерін қызу талқылап, ой бөлісті.



Дөңгелек үстелге қатысушы оқушылар сөзі: Ш.Смаханұлынікі, әні: Ә.Тыналиевтікі
«Ананың тілі-аяулы үні» атты әнін қол қимылы арқылы шырқады.
Оқушылар ой-бөліс соңында кітап көрмесін тамашалап, тіл туралы мәлеметтер алып, тіліміздің жанашырларымен танысты