Қазақ тілі мен әдебиеті
Мектептің әдістемелік тақырыбы:
«Есту қбілеті бұзылған балалардың келешекте қоғамдық өмірге тиімді кіруін одан әрі дамыту үшін мектепте бірыңғай тіл кеңістігін құру»
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің әдістемелік тақырыбы:
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерінің тиімді әдістерін қолдана отырып, білім сапасын арттыру»
Мақсаты:
Мұғалімдердің педагогикалық және кәсіби шеберлігін, құзырлылығын және сабақ беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру арқылы оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық деңгейінің жақсаруына ықпал ету.
- Міндеттері:
- Мұғалімдерге жаңа педагогикалық технологиялар мен инновацияларды меңгеруге, өз тәжірибесіне енгізуге көмек көрсету;
- Озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, үйрену;
- Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін, кәсіби деңгейін арттыру арқылы сапалы білімге қол жеткізу;
- Ерекше қабілетті оқушыларды анықтап, қабілетіне, мүмкіндігіне қарай тапсырмаларды үйлестіру;
- Үлгерімі төмен оқушылармен үздіксіз жұмыс жүргізу.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме бірлестігі мұғалімдерінің шығармашылық тақырыптары
Р/с | Мұғалімнің аты-жөні | Әдістемелік тақырыбы |
1 | МусилтаеваР.Н. | «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, тілін дамыту» |
2 | Ногайбаева Р.К. | «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту» |
3 | Умирбекова Г.Б. | «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері: инновациялық әдіс – тәсілдер арқылы білім сапасын арттыру жолдары» |
4 | Сатаева З.К. | «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» |
5 | Саденова Н.К. | «Инновациялық әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» |
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігі мұғалімдерінің отырыстарының жоспарлары
№ отырыс | Мазмұны | Мерзімі | Жауаптылар |
1 | 1.Әдістеме бірлестігі өткен жылғы жұмысын қорытындылау. 2019 - 2020 жылына қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жұмыс жоспарын талқылау және бекіту 2.Нормативтік құжаттарға сүйене отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің тақырыптық – күнтізбелік жоспарын қарау. 3.Әдістемелік - нұсқау хатымен таныстыру. 4.22 қыркүйек – Тілдер күніне байланысты өткізілетін жұмыстар 5.Пән бірлестігінің 14.10 -18.10.2019ж апталығын өткізу жоспарын қарау. | тамыз | ӘБ жеткшісі Пән мұғалімдері Бірлестік жетекшілері Сатаева З.К. Умирбекова Г.Б. Мусилтаева Р.Н. |
2 | 1.І тоқсанның қорытындысы 2. Пән бірлестігінің апталығын талдау. 3. Оқушы дәптерлерінің сапалы тексерілуі. 4.Баяндама: «Жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктері» | қараша | ӘБ жеткшісі Пән мұғалімдері Сатаева З.К. |
3 | 1.ІІ тоқсанның қорытындысы 2. Баяндама: «Қазақ тілі мен әдебиет сабағында дидактикалық ойындардың маңызы» 3. Баяндама:«Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін тиімді пайдалану» | қаңтар | ӘБ жеткшісі Пән мұғалімдері Умирбекова Г.Б. Ноғайбаева Р.К. |
4 | 1.ІІІ тоқсанның қорытындысы 2 Баяндама: «Қазақ тілін оқытуда Жаңа технологияларды қолдану тәсілдері»» 3. Баяндама: «Естімейтін және нашар еститін оқушылардың есту және сөйлеу қабілетін қазақ тілі сабақтарында дамыту» 4. Баяндама: «Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту» | наурыз | ӘБ жеткшісі Пән мұғалімдері Саденова Н.К. Аят.М.(Сурдоұстаз) МусилтаеваР.Н. |
5 | 1.ІҮ тоқсанның қорытындысы 2.Оқу бағдарламасының орындалуы туралы есебі 3.Әдістеме бірлестігінің жұмысын қорытындылау. 4.2020-2021оқу жылына қойылатын міндеттер мен жылдық жоспарын жасау. | мамыр | ӘБ жеткшісі Пән мұғалімдері |